Қызылордада 336,7 миллион тенгенің монументын дәрет сындыратын жерге айналдырған (фото)

Сырдарияның жағасынан бой көтерген тарихи монумент алты жылдан бері қор болып тұр деп хабарлайды КТК арнасы.

«Сыр ана» деп аталатын Сыр бойының символы осыдан алты жыл бұрын бой көтерген. Монумент қызылордалық шенеуніктердің Сыр өлкесіне тартқан сыйы екен. 336,7 миллион теңгеге құрылған бұл тарихи моументті тіпті дәрет сындыратын орынға айналдырған. Бүгінгі таңда өңірдің басты символы болуы тиіс 40 метрлік бұл стеллаға тұрғындар мүлде өзгеше мақсатпен ғана келетін болып шықты.

Алғашқыда монументті қызықтаған туристер мен жастардың қарасы көп болыпты. Өңір әкімі Болатбек Қуандықов кезінде Қайрат Нұртас, Мадина Садуақасова сынды танымал эстрада жұлдыздарын монументтің ашылу салтанатына арнайы шақыртып, үлкен концерт те өткізіпті. Уақыт өте келе, қызықтың барлығы таусылса керек, монумент жайына қалған.

107 баспалдақтан тұратын мұнараға шыққанда барлық қалаға көрініс ашылуы тиіс болатын. Бірақ, тұрғындардың айтуынша, Сырдария өзені мен кейбір мемлекеттік мекемелер ғана көрінеді. Ал баспалдақтар болса бөлініп, жері қирап қалған.

-«Оның ішін дәретханаға айналдырғаны рас. Барып өздерінің қалдықтарын, қоқыстарын тастап кетеді. Терезесін талай сындырып кеткен фактілер де болды. Одан кейін оның бәрі қалпына келтіріліп, басына күзетші орналастырылған. Бірақ енді бүгінгі күнге алдағы уақытта жаз айлары басталып келе жатыр. Осы көктемде бір тазалау жұмыстары жүргізіледі содан кейін ашылады», — дейді Тұрғынүй коммуналдық шаруашылық және тұрғынүй инспекциясы бөлімі бастығының орынбасары Біржан Далабаев.

Стелланың о бастағы авторлары — шенеуніктер болса, монументті  қайта жөндеп, абаттандыруға тағы қаражат керек деп алақан жайып отыр.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *