Қызылордада «Eco-Álem» жазғы экологиялық лагері өтеді

Қызылордада жастарды әлеуметтік жауапкершілік пен экологиялық мәдениетке тәрбиелейтін «Eco-Álem» республикалық жазғы экологиялық лагері өтеді, — деп хабарлайды Studentmedia.kz.

2019 жылы 24-29 шілде аралығында Қызылорда облысының білім басқармасының «Қамбаш» олимпиадалар және қосымша білім беру орталығында «Eco-Álem» республикалық жазғы экологиялық лагері өтеді. Лагерь өскелең ұрпақты әлеуметтік жауапкершілік пен экологиялық мәдениетке тәрбиелеуді мақсат тұқан. Жастардың назарын қоршаған ортаның ластануы мәселесіне аудару және оның шешу жолдарын талқылауға бағытталға. Білім беру, ортақ ой бөлісу және пікіралмасу алаңын қалыптастыру және олардың мүмкіндігі мен талантын қоғамға көрсету. Жобаларын, ойларын жүзеге асыратын қолайлы орта құру. Экологиялық лагерге 12 мен 18 жас аралығындағы Қазақстанның барлық аймақтарынан 130-дан аса балалар мен жасөспірімдер қатысады.

Лагерь аясында Арал теңізіне, «Байқоңыр» ғарыш айлағына экскурсия, плогинг, түрлі экологиялық ойындар, квесттер, лекциялар, тренингтер ұйымдастырылады. 5 күн бойы қатысушылар қоқысты сұрыптауға бейімделеді. Еліміздің әр өңірінен келген балалар Аралдың жағдайын көру арқылы бұл мәселенің шешу жолдарын талқылайды.

Іс-шара ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ «Жастар арасындағы әлеуметтік жауапкершілік тәрбиелеу және экологиялық сауаттылықты арттыру аясында жобаларды іске асыру» грантының аясында ұйымдастырылады.

Сурет: tamlife.ru сайтынан

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *