Ең ұзақ өмір сүретін 5 ел

Бүкіл әлем бойынша бұл елдерде адамдар неғұрлым ұзақ өмір сүреді. Әр елдің өзінің сыры бар. World Happiness Report баяндамасында БҰҰ-ның тапсырмасы бойынша рейтинг құрылған. Аталған 5 елде адамдардың өмір сүру жасы жоғары.

1. Жапония

Жапондықтар орташа есеппен алғанда 83 жыл өмір сүреді. Окинава аралында 100 жастан асқан 400-ден астам адам өмір сүреді екен. Бұл аралды өлмейтіндердің жері деп атап кеткен. Ғалымдар олардың тамақтануына байланысты деп есептейді. Жергілікті тұрғындар тофу, тәтті картоп, және балық тағамдарымен тамақтанады. Сонымен қатар, қарт кісілер өте белсенді өмір салтын ұстанады.

2. Испания

Көкөністер, жүрекке пайдалы зәйтүн майы, Жерорта теңіз диетасы — өмір сүру ұзақтығының себебінің бірі. Испандықтар шамамен 82 жыл өмір сүреді. «Түскі үзіліске тек жарты сағат уақытың болғанда, әрине тез бутерброд сияқты тағамдарды жейсің. Ал, тамақтануға – 2-3 сағатың бар екенін білгенде, асықпай үйге немесе мейрамханаға баруыңа болады, сонда дұрыс тамақтана аласың. Бұл жолда тез тамақ ішкенге қарағанда әлдеқайда денсаулыққа пайдалы» — дейді барселоналық Микель Анхель Диес.

Сондай-ақ, бұл елде қаланың орналасуы жаяу жүруге өте ыңғайлы, адамдар көбінесе жаяу жүреді.

3. Сингапур

Бұл елде адамдардың өмір сүруі орташа есеппен алғанда – 83 жыл. Әлемдегі балалардың және босанып жатқан әйелдердің өлімі ең аз кездесетін елдердің бірі және профилактикалық медицинаға көп көңіл бөлінеді.

«Бұл елде көп адамдардың фитнес залдарына баратынын және саябақтарда жаттығу жасап жүргенін көресіздер. Алкоголь өнімдеріне және темекіге салық өте жоғары, сондықтан, бағасы да өте қымбат», — дейді Сингапур тұрғыны Бино Чуа.

4. Швейцария

Швейцарияда еркектер басқа елдерге қарағанда ұзақ өмір сүреді. Орташа өмір сүру ұзақтығы – 81 жас. Еуропаның ең бай елдерінің бірі. Өз

азаматтарына жоғары сапалы медициналық қызмет пен қауіпсіздіктің жоғары деңгейіне кепіл береді. Кейбір зерттеушілер Швейцарияның ұзақ өмір сүруі ірімшік пен басқа да сүт өнімдерін белсенді тұтынумен байланысты болуы мүмкін дейді.

5. Оңтүстік Корея

Зереттеушілер Оңтүстік Корея 90 жылға дейінгі өмір сүру ұзақтығымен әлем бойынша бірінші орынға шығуы мүмкін деп көрсетеді. Кореялық диеталар холестеринді төмендетеді, иммунитетті күшейтеді.

Ақсақалдарға құрмет, туысқандар арасындағы мықты байланыс сапалы өмір сүруге мүмкіндік береді деп хабарлайды, bbc.com.

Әлемдегі ең қонақжай 5 ел туралы қызықты деректерді осы жерден оқи жүріңіздер.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *