Өзбекстаннан келген бала күтуші 3 жасар баланы аямай ұрып жыққан

Алматы облысы Талғар ауданының тұрғыны бала күтушіні 100 мың теңгеге жалдаған. 3 жасар балаға 9- қазаннан бастап қараған келіншек өз міндетін дұрыс атқармапты. Нақтырақ айтқанда баланы ұрып, жыққан, қатты дауыс көтерген. Мұның барлығы үйге қойылған бейнекамераға түскен. Баланың ата-анасы уақытылы бейнекамера қойғанына қуанышты. Олсыз әйелдің кінәсін мойындату мүмкін болмас еді.

Бала күтушінің кінәсі анықталып, ол 3 жыл бас бостандығынан айрылды. Ол Өзбекстан азаматы екендігі анықталды. Жазасын өтеп болған соң Қазақстанға 5 жыл кіруіне рұқсат берілмейді.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *