Үздік ойыншыны жариялайтын салтанатты кешке Роналду мен Месси қатыспайды

Криштиану Роналду мен Лионель Месси Лондонда өтетін үздік ойыншыны марапаттау салтанатты кешіне қатыспайды. 

Роналду мен оның «Ювентустегі» өзге де әріптестері графиктің тығыздығына байланысты Лондонда бара алмайды. Туриндіктер жексенбі күні «Фрозинонеге» қарсы матч өткізген(2:0). А Сериясындағы келесі ойындары «Болоньяға» қарсы сәрсенбі күні өтеді.

Ал Месси өз кезегінде бұл кешке үздік үштікке ілінбесе де, қатысады деп жоспарланған. El Mundo Deportivo ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Месси каталондық клуб басшылығына отбасылық себептермен қатыса алмайтындығын мәлімдеген.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *