Үздік студенттік топ анықталды

 

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында». Н.Ә.Назарбаев.

Елбасы айтқандай, еліміздің ертеңі жастардың қоғамда алар орны ерекше. Сондықтан, бүгінгі күні алғыр да, жан-жақты студенттердің мемлекет, қоғам және университет өміріне белсене араласуы – уақыт талабы. Студенттерді әлеуметтік белсенді тұлға ретінде тәрбиелеп, олардың қоғамдағы азаматтық белсенділігін қалыптастыру мақсатында байқаулар өткізіліп отырады. Осы орайда Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде «Үздік студенттік топ- 2018» байқауы өтті. Сайысқа 13 факультеттен үздік 13 топ қатысты. Əр топтың дайындығы бір-бірінен асып түсерліктей. Бірақ, бас жүлде-біреу. Жəне оған жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар ғана ие болады. Байқау барысында əділ қазылар алқасының көңілінен шыға білген филология факультеті «Үздік студенттік топ- 2018» жүлдесін алды. КФ-31 тобы филология факультетінің намысын қорғап шықты. Сайыста ұйымшыл, өнерлі, білімді, белсенді топ екенін көрсете білді. Студенттерді ынталандыру мақсатында өтетін бұл шараны өткізу университетімізде дəстүрге айналған. Жыл сайын үздік студенттік топ, жыл студенті, ару қыз бен сері жігітті анықтайтын байқаулар студенттердің көңілін көтеру үшін ұйымдастырылып отырады.

 

Мөлдір Марат- топ басшысы:
— Университетіміздің қабырғасында өткен бүгінгі «Ең үздік студенттік топ» атты байқауда жеңіске жетіп, қуанышымыз қойнымызға сыймай отыр! Ұйымшылдықтың, бірліктің арқасында өнерімізді барынша жақсы көрсетіп, бізге артылған үмітті ақтадық деген ойдамыз. Бізге сенген жəне қолдаған жандарға алғысымыз шексіз!

 

 

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *