15 Окт, 2018

Жұрт жақсы көретін адамдардың қатарынан болғыңыз келсе…

Адамдарға ұнай отырып, өзіңіздің артыңыздан ергізе аласыз ба?

Харизма — бұл дарын емес.  Адамдарға ұнай білу қабілетін жүре үйрене де аласыз. Адамдардың мінез-құлқын зерттейтін The Science of People ұйымының психологы  Ванесса ван Эдвардс  тартымды адамдардың 5 қағидасымен бөлісті. 

Ванесса ван Эдвардс

1. Мінсіз болуға тырыспау

Психолог Ричард Вайсман блендр сатушы екі актриссаның арасында тәжірибе жүргізді. Бірінші қыз өте керемет презентация жүргізіп, артынан өте дәмді шырын ұсынды.  Екінші қыз блендердің жұмысын түсіндіріп жатып, шырынды үстіне шашып алды. 

«Ебедейсіз» қызды тұтынушылар  тартымдырақ көріп, сол сатушыдан блендерді көбірек сатып алды.   Вайсманның қорытындылауы бойынша, адамның осал тұсы басқаларға жақсы эмоция сыйлайды. Сол себепті де, сіздің бойыңыздағы кінарат та сізге сүйкімділік береді, аудиторияның жылы қабақ танытуына себепші болады. 

Ван Эдвардс өз кемшіліктеріңізді қабылдап, ол кемшіліктерді жақсы көруге, жасырмауға кеңес береді. Өзіңізбен өзіңіз болыңыз!

2. Аз сөз — алтын, көп сөз — көмір!

«Менің атам адамдағы екі құлақ пен бір ауыз өздерінің санына байланысты жұмыс істеуі керек  екендігін жиі айтатын», — дейді Ванесса ван Эдвардс. Жағымды жандар әдемі әңгіме құрып, 2:1 есебімен сыр шертісіп, жөн сұрасады екен. 

Аз сөйлеп, көп тыңдаудың дұрыс жолы — жаныңыздағы жандарға астарлы, мағыналы сұрақтар қоя білу. 

 Өзгенің не ойлайтынын, қандай адам екенін білу үшін оған сұрақ қойып, әңгімені қолдап отырыңыз. Бұл сізге жаңа досыңызды танып-білуге көмектесіп қана қоймай, екеуіңізді жақындастырады. 

3. Өсек тасымаңыз!

Сіз біреуді жамандасаңыз, жаңа досыңызға бұл кері әсер береді.  Сондықтан да, біреуді ақымақ немесе өтірікші етіп көрсетпес бұрын өзіңіз де сол адамның кейпіне енуден сақтанғаныңыз жөн. 

Бірақ бұл қағиданы керісінше қолданса, оң әсерін береді.  Өзіңіз сыйлайтын,   тамсанатын адамға оны қатты сылайтыныңызды, не үшін қадірлейтініңізді айтыңыз. Мысалы, сол адамды басқамен таныстырған кезде, оның қандай жан екенін айта кетіңіз.   Бір жағынан бұл көмек: кейбір адамдар өздерін мақтаудан аулақ. Сондықтан, бұл жағынан өзгенің пікірі әлдеқайда сенімді естіледі. 

4. Сөйлеу мәнеріңіз ашық, эмоциясияңызды жасырмай сөйлеңіз

 Ванесса ван Эдвардстың мына бір тәжірибесі осыған дәлел бола алады.  Ол өзінің әріптестерімен бірге TED бағдарламасының мыңға жуық бөлімін зерттеп сипаттады. Зерттеу барысында, ең көп сұранысқа ие спикерлердің  қимыл-қозғалысты/жестикуляцияны көп пайдаланатыны белгілі болды.  Ең көп қаралымы бар спикерлер басқаларға қарағанда екі есе көп қозғалыс жасаған екен. 

Адамның қолы — адамға деген сенімді тудыртушы индикатор. Қолдарыңызды ашық, үнемі көз көретін жерде ұстаңыз. Сөзіңіз бен қимыл-қозғалысыңыз  бір деңгейде болсын. 

5. Әңгіме кезінде өзгелердің көзіңе тік қараңыз 

Зерттеу бойынша, адам көзіне тік қарап сөйлеген кезде  арада үлкен байланыс орнайды. Әңгімелесушінің көзінің түсін жаттаған мезеттен бастап, байланыс орнады дей беріңіз.  Сол себепті, әңгіме барысында телефоныңызға, сағатқа қараудың қажеті жоқ. 

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Advertisment ad adsense adlogger