Жүзушілеріміздің Испаниядағы жеңістері

Испанияның Малага қаласында жүзуден өткен ашық чемпионат қазақстандық спортшылар үшін сәтті болды. Жарыстың соңғы күнінде атлеттеріміз жанкүйерлерін 3 бірдей медальмен қуантты.

100 метрлік брасста 1:00.43 нәтижесімен Дмитрий Баландин жеңіске жетті. Әділбек Мусин 100 метрлік баттерфляйде күміс жүлденің иегері атанса, 50 метрлік еркін жүзуде Әділ Қасқабай жарыстың үшінші тұғырынан көрінді.

Халықаралық чемпионатта 4 отандасымыз 8 медаль иеленді. 3 алтынды Дмитрий Баландин ұтса, 2 күміс жүлдені Әділбек Мусин сыйлады. Әділ Қасқабай 1 күміс, 1 қола медаль иегері атанды. Және бір қоланы Айбек Камзенов қанжығасына байлады.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *