Жапон тағамы «сушидің» денсаулығыңызға зиянды тұстары

Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің баспасөз қызметі сапалаы өнімнен жасалған сушидің денсаулыққа пайдасы болуы мүмкін, бірақ, қауіпті тұстары көбіректігін мәлімдеген. 

Санитарлық дәрігерлердің айтуынша суық балықтан ауру тудыратын бактериялар көбейеді. Ал табиғи васаби жапондық ақжелкек тамырының ұнтағынан жасалады. Нағыз васабиді дайындау қымбат түседі. Сондықтан көбіне васабиді ақжелкектің қолжетімді түрлеріне бояғыштар, дәмдеуіштер мен хош иістендіргіштер қосу арқылы дайындайды. Сонымен қатар суши мен роллға дәм беретін соя соустары да қауіпсіз емес.

«Соя соусында тұз мөлшері өте көп. Тұз қабыну ауруына шалдықтыруы әбден мүмкін. Соя соусының бір-екі ас қасық мөлшерінде 2 граммға дейін тұз бар. Ал тұздың тәуліктік қалыпты мөлшері – 5-8 грамм», – дейді комитеттің баспасөз қызметіндегілер. Сондай-ақ, дәрігерлер жүкті әйелдер мен балаларға шикі, қақталған және ысталған балық еті қосылған суши мен роллдарды жемеуге кеңес берді. Елімізде роллдарға көбіне «Филадельфия» ірімшігі қосылады.

«Өндірістік әдіспен әзірленген аталған өнімнің құрамында тұрақтандырғыштар, консерванттар мен хош иістендіргіштер бар. Химиялық заттар да роллдардың зияндылығын көрсететін тізімді толықтырады. Ал суши мен роллдарды сүйіп жейтін адамдар аталған тағамды тек сенімді жапон мейрамханаларынан тапсырыс беріп алып, күмәнді сайттардан аулақ болғаны жөн», – дейді комитеттегілер.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *