Жаратқан жас береді сынағалы!

Жаратқан жас береді сынағалы
Жан досым тұрмын қазір жылағалы
Тұрымтай бас тұсыңда, тұтқа ұстап
Тар жолда тайғақ кешіп, құламадың

Жан жарасын жаласқан ұяласым
Қор болмасын зүмреттей зия басың
Жаныңа жамау болып болашағың
Өркенің өрге жүзіп қияласын

Адал дос абырой ту бірге тіккен
Асығыңды сақтасын бүкпен шіктен
Жабайт сақа шағыңда жар таңдағын
Ақсарбас, туғаныңа күнде күткен

Айдан анық өзіңдей достың сыры
Өлшеуі жоқ, адалдық достың құны
Артық сөзбен шұбатып алаламан
Ниетім өзіңменен Кәкенұлы!!!

Амантайдың Жансаясынан.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *