«Жас Ұлан» республикалық мектебі түлектері салтанатты кештен бас тартты

«Жас Ұлан» республикалық мектебінің түлектері сән-салтанатты бітіру кешінен бас тартты, деп хабарлайды Studentmedia.kz. 

ҚР Білім және ғылым министрлігінің шешімімен, 12 маусым мектеп бітіру кешін өткізетін күн болып белгіленді. Министрлік бұл атаулы күнді оқушылар мұғалімдерімен, ата-аналарымен бірге мектеп қабырғасында өткізгенін дұрыс деп есептейді. Мұның басты себебі — салтанатты кештің отбасылық бюджетке айтарлықтай шығын әкелуі. Осыған орай, «Жас Ұлан» республикалық мектебінің бітірушілері министрліктің бастамасын қолдап, бұл күнді тойлауға кететін қаражатты пайдалы жаққа жұмсауға бел буды. Бұл туралы ҚР БҒМ баспасөз қызметінің хабарламасында: 

«Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан қаласындағы «Жас Ұлан» республикалық мектебінің түлектері біздің бастамамызды қолдап, сән-салтанатты мерекеден бас тартты. Олар ата-аналарының қаражатын іні-қарындастарының  оқулықтарын сатып алуға, болашақта алатын біліміне салуға және қайырымдылық мақсаттарға жұмсауға шешім қабылдады. Біз бұл бастама еліміздің басқа мектептерінде де қолдау табады деген үміттеміз»,- делінген. 

Естеріңізге сала кетейік, мектеп бітіру кешінде шараның өткізілуі, қатысушылардың өмірі мен денсаулығы үшін жауапкершілік мектеп әкімшілігінің мойнында болады.

Сурет: almaty-akshamy.kz сайтынан

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *