Жасөспірімдер арасында «Қасиетті домбыра» байқауы өтті

2019 жылдың 1-2 шілде аралығында елімізде «Қасиетті домбыра» республикалық байқауы өтті,-деп хабарлайды Studentmedia.kz порталы. 

 «Ұлттық домбыра күні» мерекесіне орай ұйымдастырылған шараның мақсаты — музыкалық өнер саласында дарынды оқушыларды анықтау, жас музыканттардың шығармашылық әлеуетін дамыту және балалар мен жасөспірімдерді эстетикалық тәрбиелеу.

 Байқауды «Jas Otan» жастар қанаты мен «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» РҚБ бірлесіп ұйымдастырды.

Байқауға еліміздің барлық аймағынан 12 жастан 16 жасқа дейінгі 35 бала қатысты. 1 шілдеде бастау алған байқауда қатысушылар «Үздік күйші»,»Үздік термеші», «Үздік дәстүрлі ән» номинациялары бойынша бақ сынасты.

Көптің ішінен суырылып шыққан жеңімпаздар түрлі номинациялар бойынша анықталды.

«Үздік күйші» номинациясы бойынша:

1 орын — Атырау облысы, Бекасыл Сабыров.

2 орын — Жамбыл облысы, Бақдәулет Жанатбек.

3 орын — Қызылорда облысы, Сырсұңқар Базарбайұлы.

«Үздік термеші» номинациясы бойынша:

1 орын — Нұр-Сұлтан қаласы, Нұрасыл Азат

2 орын — Қызылорда облысы, Жансая Файзуллақызы

3 орын — Атырау облысы, Айжұлдыз Құлымжан

«Дәстүрлі әнші» номинациясы бойынша:

1 орын — Жамбыл облысы, Бекболат Бақтиярұлы

2 орын — Атырау облысы, Жанарыс Табылды

3 орын — Нұр-Сұлтан қаласы, Шұғыла Нұрбай⠀

Сондай-ақ, басқа да финалға өткен оқушылар қосымша сыйлықтар және сертификаттармен марапатталды. Байдаудың жүлде қоры 1 000 000 теңгені құрады. 

 

 

 

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *