Жастардың бастамаларын қолдайтын «JasA» жобасы басталды

Жастардың әлеуметтік белсенділігі мен азаматтық жауапкершілігін арттыруға бағытталған «JasA» жобасы басталды,-деп хабарлайды Studentmedia.kz порталы. 

«Жастар қызметкерлері қауымдастығы» ортаны жақсартуға және жергілікті қала мен ауыл деңгейіндегі қоғамдастықтарды дамытуға бағытталған жастар бастамаларын қолдау бойынша «JasA» жобасын жүзеге асырып жатыр.

Жобаның мақсаты — жастар бастамаларын қолдау үшін жастардың әлеуметтік белсенділігі мен азаматтық жауапкершілігін арттыру.

Жобаға:

1) 14-28 жас аралығындағы жастар; 

2) жергілікті жастар және волонтерлік ұйымдар;

3) шығармашылық ұйымдар мен топтар;

4) жастар ісі жөніндегі қызметкерлер қатыса алады.

Жоба аясында жастар:

  • өзінің өмірлік маңызды дағдыларын дамыту, бастамаларды іске асыру, жергілікті қоғамдастықтардың өміріне қатысуға;
  • әлеуметтік жобалау бойынша өз білімдері мен біліктіліктерін кеңейтуге және жастармен бірлесіп өз бастамаларын іске асыруға;
  • өз әлеуетін арттыру, оның ішінде жастар істері мен бастамаларын қолдау бойынша білімді, дағдылар мен қарым-қатынасты дамытуға;
  • қалалар мен ауылдардағы креативті кеңістікті арттыру, жергілікті тұрғындарды біріктіруге бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асыру мүмкіндігіне ие болады.

Жобаны іске асыру барысында әлеуметтік идеялар мен жобаларды іске асыру мақсатында жастармен жұмыс жасайтын менторларды дайындайды. Ол үшін байқау жарияланды.

Қатысушыларға қойылатын талаптар:

— жастар саясатында, жастармен жұмыс жасауда немесе жастарды оқытуға бағытталған жобаларда жұмыс тәжірибесінің болуы;

— қоғамға қызмет ету, өмірлік дағдыларды дамыту және жастардың осал топтарымен жұмыс жасауы бойынша жастарға арналған тренингтер өткізу тәжірибесі болуы;

— оқуға және жеке дағдыларын одан әрі дамытуға дайын болу;

— тренингтің барлық кезеңдеріне қатысу (бірінші кезең: 23-26 шілде, екінші кезең: 12-14 тамыз, үшінші кезең: 26-28 қыркүйек);

— менторлық және/немесе жастар бастамалары мен топтарын қолдау тәжірибесі болу.

Өтінімдер 2019 жылдың 10 шілдесіне дейін қабылданады.

Байқауға қатысу үшін төмендегі сілтемеден өтіп, формасын толтыру қажет: https://drive.google.com/open?id=1ZChjLNJ49BE-ivffMcG6P_sp_SL4I8auCcvJiiaxCZM

Үміткерлер іріктеу нәтижелері туралы 2019 жылдың 15 шілдесіне дейін белгілі болады.

Жастар істері жөніндегі қызметкерлер 3-кезеңдік оқытуға, жастарға арналған тренингтерді өткізуге және жастар бастамаларын менторлық сүйемелдеуге қатысатын болады.

Қазіргі уақытта Қазақстанда жастардың қоғам өміріне белсенді қатысу дағдыларын дамыту және нығайту үшін жағдайларды қамтамасыз ету мәселесі өзекті болып отыр.

Еліміздің әр өңіріндегі жастар өмірін жақсарту саясатын іске асыру сапасы туралы мәселелер туындап отыр. Осы мақсатта бұл жоба жастар саласында жастардың қоғам өміріне белсенді қатысуын қамтамасыз ететін әртүрлі жағдайларды жасауға бағытталған.

Жоба ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты аясында жүзеге асырылады.

 

 

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *