Жат біреулер болып кетті танысым

Авторы: Ақерке ӘБДІКӘРІМ

Жақындарым болған кез бар алысым,
Жат біреулер болып кетті танысым.
Дөңгеленген дүние деген осы да,
Жан жүрегі соғып тұрған жан үшін.

Кешегілер болашақта «Күт» дейді,
Бүгінгілер еңсені ұста «Тік» дейді.
Мен таң қалдым тағы бір рет осылай,
Таңғажайып сәттер, сірә, бітпейді…

Біреу тоңып,біреу тойып секірді,
Мен білмейтін сәттер бар-ау не түрлі.
«Өмір-майдан,өлім-ойран» дегенің
Маған арнап айтылған сөз секілді.

Бәрі жалған, мен де бір күн кетем ғой,
Қиял-теңіз, тереңіне жетер ме ой?
Мен өлгенде бүкіл әлем өлердей,
Ұстап тұрған өмірді мен екем ғой!..

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *