Жазғы демалыс кезінде балалар қандай шараларға қатыса алады

Елімізде балалардың жазғы демалысын мағыналы әрі сапалы ұйымдастыру мақсатында  мәдени танымдық іс-шаралар өткізу жоспарланған, деп хабарлайды Studentmedia.kz порталы. 

Оқушылардың демалысын қызықты әрі пайдалы өткізу мақсатында Қазақстанның түкпір-түкпірінде түрлі шаралар ұйымдастырылып жатыр. Бұл туралы ҚР Үкімет үйінде өткен отырыста ҚР Білім және ғылым министрі баяндады. Министрдің айтуынша, балалар үшін жазғы лагерлер ғана емес, тарихи, мәдени ұлттық танымдағы шараларды өткізу де жоспарланған. Күләш Ноғатайқызы каникул кезінде балалар қандай жобаларға, танымдық шараларға қатыса алатындығы жайлы мәлімдеді:

«Осы тұрғыдан алғанда «Рухан жаңғыру» бағдарламасында көрсетілген бағыттар негізінде тарихи-мәдени, ұлттық танымдағы жұмыстар жүргізіледі. Балалардың туған жерге сүйіспеншілігі мен қызығушылығын оятатын  «Киелі Қазақстан» тақырыбына сай тарихи орындарға экскурсиялар ұйымдастырылады. Миллионға тарта бала «Қазақстан-мейірімділік мекені»,  «Табиғатты аялайық», «Жол козғалысындағы жас инспектор», «Жұлдызай» атты тәрбиелік, танымдық  шараларға қатысады. «Ауылым алтын бесігім» бағдарламасы аясындағы «Балалар бастауы» әлеуметтік жобасына жұмылдырылады».

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *