Жазда 690 мыңдай бала жұмысқа тартылады

Биыл 960 мыңдай бала (33%) жазда құрылыс отрядтарына, орман және көгалдандыру жұмыстарына тартылады, деп хабарлайды Studentmedia.kz порталы. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі К. Шәмшідинова ҚР Үкіметінің отырысында баяндады. 

Жергілікті атқару органдарының мәліметіне сай, биыл елімізде қалыптасқан инфраструктурада, яғни, 236  қала сыртындағы, 11 мыңға жуық  мектеп жанындағы, 1750-ден астам шатырлы лагерлерде балалардың 71%-ы демалады.  

Жазғы демалыс шараларымен әлеуметтік аз қамсызданған отбасы балаларының 80%-ы, айрықша білім қажеттілігіне мұқтаждардың 82%-ы және түрлі салада жетістікке жеткен оқушылардың, девиантты тәрбиедегі балалардың  90%-ы қамтылып жатыр.

Министрдің айтуы бойынша, биылғы жазғы демалыста балалар уақытын бос өткізбес үшін құрылыс отрядтарына, көгалдандыру жұмыстарына тартылмақ. Сондай-ақ, олар үшін түрлі жазғы үйірмелер, спорт клубтары жұмыс істейді.

«960 мыңдай бала (33%) жазда құрылыс отрядтарына, орман және көгалдандыру жұмыстарына тартылады. Бұдан бөлек оқушылардың 61%-ын түрлі үйірмелер мен спорт клубтары қабылдайтын болады. Оларда олимпиадалық резерв пен тіл мектептері, активистер мен көшбасшылардың жазғы үйірмелері ұйымдастырылады»,— дейді Күләш Ноғатайқызы. 

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *