Жеңілістен кейінгі жеңіс

Головкин жеңілмеген Роллсты нокаутқа түсірді. Жекпе-жек дәстүр бойынша Madison Square Garden аренасында өтті.Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин DAZN-дегі алғашқы жекпе-жегінің төртінші раундында канадалық Стив Роллсты нокаутпен жеңді, — деп хабарлайды Vesti.kz.
Жекпе-жек аралық салмақта (74,4 келіге дейін) өтті және Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасындағы бокс кешінің басты оқиғасы болды. 

Головкин жекпе-жек басталысымен бірінші нөмір болып жұдырықтасты. Екінші раундта Роллс батылырақ қимылдады, дегенмен, Головкин қысымды күшейтті, алайда, қарсыласына да соққы жасауға мүмкіндік беріп тұрды. 
Үшінді раундта Роллс белсенділігін арттыра түсті, осы кезде GGG өзінің соққы күшін көрсете бастады. Дегенмен канадалықты есеңгірету мүмкін болмады. Ал төртінші раундта Головкиннің дәл соққысынан жығылған Роллс ары қарай жұдырықтаса алмады.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *