Жерге төнген қауіп жайында түсірілген үздік фильмдер

Сенің көз алдыңда бүкіл әлем құрдымға кетуде. Әрине, бұл жағдай тек фильмдерде орын алады.

1. «Армагеддон»

Ірі астероид көлеңкесі Жерге жақындай түседі. Соқтығысуға санаулы-ақ күндер қалады. Армагеддон келуі — әлем тарихының трагедиялық финалы. Апаттың алдын-алу үшін таңғажайып күш керек пе? Әлде, үздіктен үздік шыққан технологиялар күші көмектесе ме? Ғаламдық стихияға адамдар қарсы тұра ала ма?

 

2. «Арғы күні»

Жер әлемдік экологиялық апатпен бетпе-бет келуде: бір бөлігінде адамдар шөлден қырылып жатса, екінші бөлігінде қалаларды су басу үстінде. Апаттың жақындауы климатолог ғалымды қатты уайымдатады. Әлемдік жылынуды тоқтатудың амалын табу мақсатында жоғалып кеткен ұлын іздеу үшін Нью-Йоркке аттанады. Ал бұл кезде Нью-Йоркте жаңа мұз дәуірі басталған еді.

3. «Қайнау»

2057 жыл. Күн сөнуде. Адамзат өліммен бетпе-бет келуде. Жер ғаламшарының соңғы үміті – «Икар-2» ғарыш кемесі. Экипажда 8 ер адам және олардың капитандары Канеда атты әйел. Олардың миссиялары – сөніп бара жатқан Күнге ядролық заряд жеткізу. Сұмдық апат өте қауіпті және тәуекелге толы жағдайларға алып келеді. Жақын арада олар тек қана өз өмірлері үшін емес, бүкіл әлем үшін күресу керектерін түсінеді…

 

4. «Жер ядросы»

Геофизик Джош Кийз Жердің ядросы айналуын тоқтатқаны туралы естен тандырарлықтай хабарлама жасайды. Ғаламшарымыздың электромагниттік өрісі бұзылады. Жер жақын арада жойылады.

5. «2012»

Майя тайпасының күнтізбесі бойынша 2012 жылы Күн жүйесіндегі ғаламшарлар бір сызықтың бойына орналасып, ғаламдық үлкен апат болады. Жоғары баллды жер сілкіністері, цунамилер, вулкандардың атқылауы.

6. «Жер тоқтаған күн»

Егер Жерде соғыс пен қақтығыстар тоқтамаса, ғаламшарға қауіп төніп тұрғанын ескертуге келген өзге ғаламшарлықтың оқиғасы.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *