Жоғары оқу орнында мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылмаған — Ерболат Мұхамеджан

Жақында отандық бұқаралық ақпарат құралдарында Шымкент қаласындағы жоғары оқу орындарының бірінде есірткіні тұтыну үшін притон ұйымдастырылғандығы жайлы ақпарат тарады. Аталған шулы оқиға жайлы  ҚР Білім және ғылым министрінің кеңесшісі Ерболат Мұхамеджан Facebook желісіндегі парақшасында түсініктеме беріпті:

«Аталған факті бойынша бұл жеке меншік жоғары оқу орны және оқу орнында мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылмағандығын xабарлаймыз».

Сондай-ақ, кеңесші оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатқандығын мәлімдейді:

«Қазіргі уақытта орын алған оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Атап айтқанда, ҚР ҚК-нің «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтыну үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау, сол сияқты дәл сол мақсаттар үшін үй-жайлар беру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде». 

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *