Жыл мисі мен мистері анықталды

23  ақпан күні Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде «Мисс пен мистер университет» сайысы өтті. Іс-шара осымен 20-шы рет ұйымдастырылды. 11 факультеттің намысын қорғап келген, 11 жұп бір-бірінен асып түсетін өнерлерімен ерекшеленді. Философия және психология факультетінің студенттері Ермек Мұхтар мен Әсем Айтбайқызы  «Іскерлік стиль мистері  мен миссі», Химия факультетінен қатысқан Әнел Совет «Мисс Грация» мен Мәни Төребек «Мистер Харизма» атанды. Филология факультетінің жұбы Аман Шыңғыс пен Ақниет Пазылова «Тартымдылықтың миссі мен мистері» атанып, өз тебіреністерін білдірген болатын.

Ақниет Пазылова : Бұл жарыс бізге қатты қиынға түсті. Себебі, жауапкершілікті сезіндік. Жалпы қиындығы мен қуанышы қатар жүрген сайыс болды десем де болады. 2-3 күн ішінде барлық қатысушылармен жақсы тіл табысып, бір-бірімізге бауыр басып қалдық. Қуаныштымын.

Аман Шыңғыс: Осындай сайысқа қатысу университет қабырғасына қабылданған беттен бергі арманым болатын. Сол арманыма бүгін жеттім. Мен үшін қиынға соққаны «Шығармашылық» нөмір болды. Себебі, мына халықты қандай өнермен таң қалдырсам деп көп ойландым. Бәрі ойдағыдай болған сияқты. Қатты қуаныштымын қатысқаныма.

 

Үздік өнерлерімен жұртты тамсандырған  Шет тілдер факультетінен қатысқан  Темірлан Асылбек пен Асыл Аманқұлова «Мистер мен мисс университет» атағын жеңіп алды.

Педагогика факультетінің студенттері  Альфараби Аблаев «Вице-мистер университет» және Заң факультетінің қатысушысы Жанара Асқарқызы  «Вице-мисс университет» номинацияларын қанжығаларына байлады.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *