Өз-өзін дамытуға арналған сайттар

     Ғаламторға күнделікті кіріп жүріп, осындай пайдалы сайттармен өзімізді дамытып жүрейік:

   

TED Talks

    Ағылшын тілінде, орыс тілді субтитрмен шығып тұратын видеолекциялар. Бұл сайтта ғалымдар, актерлер, ақындар, саясаттанушылар өздерінің тәжірбиесімен бөліседі.

   Универсариум

    Егер түрлі тақырыптарда орыс тілінде курс өтемін десеңіз бұл сайт сіз үшін. Әлемнің үздік оқытушылары бизнес, кретивтілік, тайм-менеджмент бойынша сіз үшін тегін дәріс жүргізеді.

KhanAcademy

   Массачусестс және Гарвард университеттерінің түлегі Салман
Хан KhanAcademy курсының негізін қалады, бұл курстар ағылшын тілінде жүргізіледі, орыс тілінде субтитрлары бар. Бұл курстармен университеттер мен мектептер де қолданады.

TheQuestion

    Ағылшын және орыс тілінде жарияланып отыратын мақалалар. Сұрақ қойылып және оған жауап алу арқылы жүзеге асырылады. Нақты толық жауаптарды мамандар беріп отырады.

750 words

    Егер жазушы болсаңыз бұл арнайы сіз үшін. Әр күн сайын 750 сөзден тұратын эссе жазып отыруыңыз қажет. Өзіңіздің күніңіз қалай өткендігі жайлы, өміріңіз, хоббиіңіз, арманыңыз туралы кез-келген тақырыпта өз қалаған тіліңізде жаза аласыз.

Google Академия

   Бұл сайтта ғылыми әдебиеттерді қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде оқи аласыз. Кітаптар, журналдарды PDF форматында да қолдануға болады.

Slideshare

   Осы сайтта ағылшын тілінде өзіңізге керек, тақырыптар бойынша слайд-шоуларды таба аласыз, немесе слайдтың жасалу жолдарың меңгеріп аласыз.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *